Сербиялық іскерлер Жолдау аясында серіктестік құруға ынталы
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы сербиялық компаниялардың назарын аударып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланған Сербиядағы басқосуда іскерлік топ өкілдері осы мәселеге ден қойды. Сонымен қатар Балқандық Сауда өнеркәсіп палатасының мүшелері технологиялық және инфрақұрылымдық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік зор екенін айтты. Осы орайда сарапшылар Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні дамытуға басымдық берілгенін жоғары бағалайды. Елші Болат Иманбаев сербиялық серіктестерді елдегі логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру саласындағы инновациялық жобаларға белсене қатысуға шақырды. Басқосуға жиналғандар жүйелі саяси-экономикалық реформалар өз жемісін беретініне сенімді.
Даяна Лазаревич, Сербияның саяси зерттеулер институтының қызметкері:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдай отырып, оның мемлекет қайраткері ретінде өте байыпты әрі көреген тұлға екенін атап өткім келеді. Президент ең алдымен мемлекеттің егемендігін сақтауға басымдық береді. Себебі егемендік пен қоғамдағы тұрақтылық қамтамасыз етілген жағдайда ғана мемлекетті жан-жақты дамытуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы