Басты Жаңалықтар СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады

СҚО-дағы аудандық ауруханада күрделі операциялар жасалады

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық ауруханасында күрделі кардиологиялық операциялар жасалады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында емдеу мекемесін күрделі жөндеуге және медициналық қондырғылар сатып алуға қайтарылған активтер есебінен 1 млрд 250 млн теңге бөлінген еді. Ғимараттың бірінші қабаты мен қабылдау бөлімі толықтай жаңаланды. Магниттік-резонанстық томография, Компьютерлік томография, ангиографиялық аппарат сатып алынды. Замануи клиникалық-диагностикалық зертхана ашылады. Бұл ауыл тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Аудандық ауруханада ми, өкпе қан тамырлары, қолқа ангиографиясы, коронография секілді оталар жасалады. 2000-жалдары тұрғындар мұндай операциялар жасату үшін Астана қаласына баратын. Аудандық ауруханаға 36 мыңнан астам адам тіркелген. 

Одилжон Арзиматов, емхана меңгерушісі:

Кардиологиялық науқастарға толықтай көмек көрсете аламыз, операциясын жасап, оларды операциядан кейінгі бақылауын жасап, диагностикалық қызметтеріміз күшейуде. Онкологиялық ауруларын бірінші, екінші стадиясында анықтауға болады.

Бөлісу