ЭКҰ арқылы дүниеге келген алғашқы сәби – 30 жаста
Елімізде экстракорпоралды ұрықтандыру әдісімен дүниеге келген алғашқы сәби араға 30 жыл салып Алматыға келді. Лондоннан арнайы келген Юлианна Пермякова өзін өмірге әкелген дәрігерлермен жүздесті. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда сәби сүюге мүмкіндік беретін заманауи медициналық әдістерге сұраныс артып келеді. Соңғы 30 жылда елімізде осы технологияның көмегімен дүниеге келген балалардың саны 45 мыңға жуықтаған. Ал жыл сайын 20 мыңнан астам жұп перзент сүю үмітімен медициналық көмекке жүгінеді.
Юлианна Пермякова, Лондон қаласының тұрғыны:
Мен бүгін ерекше қуаныштымын. Дүниеге келуіме себепкер болған мамандармен қайта жүздесудің өзі – мен үшін үлкен бақыт. Өзімнің заманауи медициналық технологияның көмегімен өмірге келгенімді 20 жасымда ғана білдім.
Салтанат Байқошқарова, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы:
Соңғы 5 жылда 33 мың әйелге жасалған квота, 15 мың бала дүниеге келді. Қазақстанда бұл деген сөз – 45 пайыз нәтижелілігі. Әрбір екінші әйел жүкті болып, балалы болып жатыр. Бұл – үлкен үлес деп ойлаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы