Джей Ди Вэнс: Жеңіліс себебі – Иранмен соғыс
Республикалық партияның аралық сайлауда жеңіліске ұшырауының себебі – Иранмен соғыс. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс X әлеуметтік желісінде осылай деп жазды. Дауыс беру күні өткен сауалнамаларға қарағанда, америкалықтардың 63 пайызы әскери қимылды бастау шешімін қате деп мәлімдеген. АҚШ президенті Дональд Трамп та кешегі сөзінде ақпанда Иранға қарсы бастаған соғыс республикалықтардың жеңілуіне әкелгенін растады. Алайда бұл соғыс бәрібір басталуы керек еді деп мәлімдеді. Әскери қақтығыс жанармай, дизель отыны мен басқа да қажетті тауарлардың қымбаттауына әкелгені мәлім.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Қысқа мерзімде бұл жанармай бағасының өсуіне әкелгені шын. Алайда соғыс бастау туралы шешімді қайта қабылдау қажет болса, мен дәл солай жасар едім. Себебі бұл – бірден-бір дұрыс бағыт. Иранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы