Басты Жаңалықтар Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды

Алматылық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды

Алматылық оқушы Ерасыл Жиенғали ағылшын тілінен өткен халықаралық олимпиадада топ жарды. Грекияда өткен білім додасына әлемнің 39 елінен кіл мықтылар қатысқан.

Көп ішінен суырылып шыққан жас дарынның бұл жетістігі Алматыда ұйымдастырылған «Teacher's summit» халықаралық саммитінің маңызды оқиғасы болды. Жеңімпазды марапаттау рәсімі саммит аясында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам педагог қатысты. «Ал іс-шарада білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар жасанды интеллект пен озық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамыту тақырыптарында тәжірибе алмасты», - дейді ұйымдастырушылар.

Манат Еркінқызы, ұйымдастырушы:

Қазақстанның ғана емес халықаралық тұрғыда сарапшыларыды да шақырғанымыз бар. Балалар ағылшын тілін үйренеді, 10 жыл бойы мектепте үйренеді, бірақ сөйлей алмайды. Сондықтан қазіргі біздің мақсатымыз - оларды сөйлетуге үйрету, коммуникацияға үйрету.

Ерасыл Жиенғали, оқушы:

Мен бірінші Қазақстанда екі турға қатысып финалға өткеніме қатты қуаныштымын. Мен сегіз жасымнан бастап ағылшынға қызыға бастадым. Осы олимпиадаға жаз бойы дайындалып осындай керемет жетістікке иеленген едім.

Бөлісу