Басты Жаңалықтар Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған

Павлодардағы медициналық емханада бюджет қаржысын жымқырған

Павлодарда медициналық базаға жалған деректерді енгізіп, бюджеттен қаржы жымқырған клиника әрекеті әшкереленді.  Құқық қорғау органдары енді мекеме басшысынан бөлек, дәрігерлер мен өзге де  медицина қызметкерлерін тексеріп жатыр.  Күдіктілерге  15 млн теңгеден астам бюджет қаржысын қолды қылды деген айып тағылып отыр. Тергеу барысында осы клиникаға жүгінген барлық азаматтардан жауап алына бастады. Медициналық ұйымның  2023-2024 жылдар аралығында да заң бұзғаны анықталған.

Ғалиасқар Қасымов, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті бастығының м.а.:

Қайтыс болған адамдарға дәрігер ем-дом жүргізді. Ер адамдарға гинекологиялық қызмет көрсетілгені туралы мәліметтер және осы емханаға тіркелмеген азаматтарға қызмет көрсетілгені жөніндегі жазбалар табылды.

Бөлісу