Басты Жаңалықтар Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді

Түркі әлемінің цифрлық ынтымақтастығы кеңейеді

Түркі мемлекеттері арасындағы ықпалдастықтың ауқымы кеңейіп келеді. Бұған дейін басымдық сауда-экономикалық және көлік-логистика байланыстарына берілсе, бүгінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту да ортақ күн тәртібіне шықты. Мәселен, 15 қазанда Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің түбімен өтетін ұзындығы 380 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. Ал бүгін Анкарадағы саммитте Президент киберқауіпсіздік пен цифрлық инновациялар саласындағы бірлескен бастамаларды жеделдетуді ұсынды.

Бауыржан Әукен, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ азиялық зерттеу бөлімінің жектекші сарапшысы:

Түркістанда өткен бейресми саммит аясында мемлекет басшысы ЖИ киберқауіпсіздік саласындағы цифрлық бағыттардағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірқатар бастамалар көтерген болатын. Бұл әлбетте Түркі мемлекеттерінің сауда-саттық экономика, байланыс саласында ғана емес, сонымен қатар сандық экономикада да серіктестікті нығайтып отыр.

Бөлісу