Ауыл шаруашылығына арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін
Елде ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған маркетплейс іске қосылуы мүмкін. Соның арқасында шаруалар енді делдалсыз сауда жасай алады. Бұл туралы Құрылтай депутаты Мақсат Насибулов айтты. Оның сөзінше, қазір айти мамандар өз платформаларын ұсынып жатыр. Үкімет алдағы уақытта оларды қарастырып, үздігін таңдайды. Онлайн сауданы дамытуды Мемлекет басшысы Жолдауда тапсырды. Президент «Ауылда да, қалада да тұратын азаматтарымыз смартфонды заңды табыс табудың құралы ретінде пайдалануды үйренуі тиіс» деген еді. Биыл Үкімет пен Құрылтай бұл бағыттағы жұмысқа айрықша ден қоймақ.
Мақсат Насибулов, Құрылтай депутаты:
Ауыл тұрғыны май, сүт, құртты маркетплейске салып, қала тұрғындарына тікелей сата алады. Біз қазір көріп жатырмыз қаншама маркетплейс бар. Тез уақытта жөнелтіп жатыр. Ол не береді? Ол жұмыс орындарын береді. Халықтың табысын көтеруге жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы