Басты Жаңалықтар Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді

Ертіске 22 мыңнан аса бекіре шабақ жіберді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ертіс өзеніне 22 мыңнан астам Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Ол үшін Абай облысы Жаңасемей ауданына қарасты Крупское ауылы маңы таңдалып алынған. Мамандардың айтуынша өзеннің бұл бөлігі шабақтардың табиғи ортаға тез бейімделіп, жылдам өсуіне өте қолайлы. Бір жылдық және биыл шығарылған шабақтар су айдынындағы балық қорын толықтырып, биологиялық ресурстарды сақтауға сеп болмақ. Мамандар Ертісте жойылудың аз-ақ алдында қалған Сібір бекіресінің популяциясын үздіксіз бақылап, оның табиғи жолмен көбеюін, және сақталуын қадағалап отырады.

Баян Қайратқызы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:

Сібір бекіресі бағалы балық түрлерінің бірі. Оның табиғи популяциясын сақтау және қалыпына келтіру біз үшін ерекше маңызға ие. Су айдындарын балықтандыру бір реттік акция емес. Абай облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бұл жұмысты 2023 жылдан бастап жыл сайын жүзеге асырып келеді.

Бөлісу