Халық Кеңесінің мүшелері ұстаздармен кездесті
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Ақмола облысына сапары барысында Көкшетаудағы Әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінің ұстаздарымен кездесті.
Алдымен мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқан халық кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті міндеттерді түсіндірді. Жиында мұғалімдердің құқықтарын қорғау, жүктемені азайту және «Педагог мәртебесі туралы» заңның іс жүзінде орындалу барысы жан-жақты сөз болды.
Мәди Мырзағарев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Ұстаздарды қағазбастылықтан, өздерінің жұмыстарына қатысы жоқ жұмыстардан бөлек алып, тек қана алаңсыз баланың тәрбиесімен, баланың білімімен айналысуына жол ашу. Біздің болашағымыз, біздің «Әділетті Қазақстанды» құратын біздің «Заң мен тәртіп» қағижатын орнықтыратын болашақ балаларымыз ғой. Солардың бойына осы құндылықтарды ғана сіңірумен айналыссын дегенді меңзеп отыр деп өзіміз ойлаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы