Басты Жаңалықтар Отандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері ұсынылды

Отандық өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері ұсынылды

Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдау талаптарын күшейту ұсынылды. «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде мемлекеттік және ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарын 3-5 жылға, ал ауқымды жобалар бойынша 10 жылға дейін алдын ала әзірлеу мәселесі талқыланды. Бұл кәсіпорындарға өндіріс көлемін ұлғайтып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазақстандық тауар өндірушілердің тізімін жаңартып, кәсіпорындарға өндірістік әлеуетіне қарай қолдау көрсету ұсынылды. Кеңес мүшелері отандық өнімді пайдалану талаптарын бұзған жауапты тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін де көтерді. Жиын соңында барлық ұсынысты тиісті министрліктермен бірлесіп пысықтау керек деген түйінге келді.

Олжас Сапарбеков, ҚР ӨҚМ вице-министрі:

Бүгін отандық өнімді экономиканың түрлі салаларында кеңінен қолдану мәселесін талқыладық. Қолданыстағы қолдау тетіктерін жетілдіру және заңнамалық талаптарды күшейту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды. Оларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтаймыз. Өйткені нарықтағы өзгерістер заңнаманы үнемі жетілдіруді талап етеді. Сондықтан мемлекет пен бизнестің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды.

Бөлісу