Ел инфрақұрылымына $292 млрд инвестиция қажет
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамына сәйкес, 2040 жылға дейін Қазақстанның инфрақұрылымына 292 миллиард доллар инвестиция қажет. Бұл туралы Президент Жолдауындағы басым бағыттарды талқылаған сарапшылар айтты. Демек алдағы жылдары көлік-логистика, энергетика және басқа да стратегиялық салаларды жаңғыртуға қомақты қаржы бағытталуы тиіс. Әсіресе, елдің транзиттік әлеуетін арттыру үшін теміржол инфрақұрылымын кеңейту маңызды. Сарапшылардың пікірінше, экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды дамыту қарқыны да соған сай болуы қажет.
Риззат Тасым, институционалды талдау және реформалау оратылғының директоры:
Мысалға біздің қазіргі транзиттік потенциалымызды қамтамасыз етіп отырған теміржол инфрақұрылымының өткізу қабілеттілігі 2030 жылға дейін жеткілікті. Ал бірақ ары қарай ойлайтын болсақ, 2050 жылға дейін біз оны 38%-ға арттыруымыз керек. Көріп отырмыз, экономикалық өсу қарқыны да уақытылы экономиканың жаңаруын және толықтырылуын талап етеді. Сондықтан да осы Жолдаудың толыққанды әлеуметтік-экономикалық күн тәртібіне арналғандығы орынды секілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы