Қаратас мыс кені учаскесін геологиялық барлап жатыр
Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстан – минералдар мен шикізатқа бай мемлекет, сондықтан геологиялық барлау тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет екенін айтты. Расымен елімізде озық технологиялардың көмегімен зерттеу жүргізетін кәсіпорындар санаулы. Бүгінде Балқаш қаласының маңындағы Қаратас мыс кенді учаскесінде геологиялық барлау жүріп жатыр. Жоба аясында жер қойнауын зерттеудің озық әдістері қолданылып, кен қорының көлемі мен сапасы анықталмақ. Қазірдің өзінде мыстың орташа мөлшері 0,35 пайыздан 0,46 пайызға дейін өскен. Сонымен қатар геологиялық кенді жасанды интеллект көмегімен талдау технологиясы енгізілді. Бұл зерттеу дәлдігін арттырып, геологиялық құжаттарды әзірлеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйенің дәлдігі 80 пайыз деңгейінде. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізілмек.
Айдос Асқаров, «Қаратас» жобасының жетекшісі:
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында Қаратас кен орнындамыз. 9 мыңнан астам скважина бұрғыланды. Алдағы міндетті зерттеулер 27 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы