Қазақстан Түркі елдерімен сауданы $10 млрд-қа жеткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі. Мемлекет басшысы түркі елдерінің ынтымақтастығын нығайту – ортақ стратегиялық міндет екенін атап өтті. Биыл Қазақстанның ұйымға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 10 миллиард долларға жуықтаған. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға жоғары. Мемлекет басшысы сауда, инвестиция, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы байланысты күшейтуді ұсынды. Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бауырлас елдермен бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Түркі жұрты тонның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағдарынан ауытқымай бірлесіп, алға нық қадам жасауда. «Түркі ғасыры: тіліміз де, ойымыз да, ісіміз де – бір» атты бүгінгі басқосу тақырыбының мән-мағынасы өте терең. Бұл жиын Бірінші Түркология құрылтайының 100 жылдығымен орайлас өтіп жатыр. Мұның символдық мәні де ерекше.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы