Әлем жаңалықтарына шолу
Израильде парламент сайлауы өтіп жатыр. Негізгі бәсекелестер - премьер-министр Биньямин Нетаньяху бастаған «Ликуд» ұлтшылдар партиясы мен Гади Айзенкот жетекшілік ететін консерваторлар. Сарапшылардың болжамынша, осы сайлау нәтижесінде Израильде үкімет ауысса, Газада соғыс тоқтап, қалпына келтіру жұмыстары басталып, Батыс жағалаудағы арабтарға шабуыл тоқтауы мүмкін.
Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Мұны жергілікті үкімет бүгін растады. Оның дерегінше, қайтыс болғандар 4900-ге жуықтап қалған. Айта кетсек, эбола Кенияға да жетті. Бұл мемлекетте қауіпті инфекция 2 адамнан анықталып, сол науқастардың біреуі жан тәсілім еткен. Ал Уганда эболадан арылғанын тамыз айында жариялады.
Индонезияда орман өртінің түтінінен тұншығып жүрген тұрғындарға таза ауа жеткізетін автобус жолға шықты. Оның салонына оттегі толтырылған баллондар қойылған. Бұл мемлекеттің Суматра және Борнео аралдарында жасыл желектер көп уақыттан бері жанып жатыр. Соның салдарынан Индонезяимен көршілес Малайзия мен Сингапурдың да ауасы ластанып, үш елдің аспаны қызғылт сары түске боялған.
Apple компаниясы экранынан ақау табылған IPHONE DUO смартфондарын ауыстырып беруге дайын екенін мәлімдеді. Әлеуметтік желіде жарияланған фотосуреттерге қарағанда, бүктелетін телефондардың дисплейінде жарық пайда болған. Дегенмен проблеманың қаншалықты ауқымды екені әзірге белгісіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы