Басты Жаңалықтар Сот жүйесіне сенім артқан

Сот жүйесіне сенім артқан

Сот жүйесіне сенім артқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, абсолютті сенім деңгейі 2023 жылдан бері 55,2 пайыздан 69,7 пайызға дейін өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев баяндады. Ол биыл сот органдары 25 мыңға жуық қылмыстық істі қарағанын айтты. Азаматтық істердің саны 605 мыңнан асты. Даулардың жартысына жуығы медиациямен және басқа да балама жолдармен реттелді. Кассациялық сотқа 18 мыңнан астам шағым келіп түсті. Оларды қарастыру нәтижесінде апелляциялық сатыда түзетілген сот актілерінің саны екі есе өсті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігі сапасын жақсарту және сот жүйесін жаңғырту шараларын іске асыру қажеттігіне назар аударды.

Бөлісу