Басты Жаңалықтар Елімізде қылмыс 58%-ға азайған

Елімізде қылмыс 58%-ға азайған

Қазақстанда соңғы 7 жылда қылмыс деңгейі 58 пайызға төмендеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше полицияға толық сенетін азаматтардың үлесі 65,3 пайызға жетті. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу көрсеткіші 3,4 есеге артты. Сонымен қатар бейнебақылау, цифрлық талдау жүйелері мен жасырын патрульдеу кеңінен қолданыла бастады. Елде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу