Республика күнін Атыраулықтар да ерекше тойлап жатыр
Республика күнін Атыраулықтар да ерекше тойлап жатыр. Қазір аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт салтанатты жиындардың бірінен тікелей байланысқа шықты. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.
Нұрсұлтан Нұсрейіт, тілші:
Иә, біз қазір Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында тұрмыз. Мұнда Республика күніне орай салтанатты жиын өтіп жатыр.Облыс әкімі Болат Ақшолақов тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. Елдің дамуына елеулі үлес қосқан жандарға «Барыс», «Парасат», «Құрмет» және 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі» үшін және Шапағат медальдары табысталды. Қазір менің жанымда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның басшысы Бақытбек Сартбаев тұр. Бақытбек мырза, мереке құтты болсын! Ел үшін ең ұлық мерекенің мәні неде деп ойлайсыз?
Бақытбек Сартбаев, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның басшысы:
Нұрсұлтан Нұсрейіт, тілші:
Салтанатты шарадан бөлек тарихи танымдық, спорттық, экологиялық акциялар өткізілуде. Ал сауда орындарында бүгін ертең 70 пайызға дейінгі жеңілдіктер ұйымдастырылған. Республика күні – бірлігіміздің, болашағымыздың айғағы. Ал біз егемен еліміздің көк байрағы желбіреп, әрдайым мерейі үстем болғай! - деген тілекпен сөзді Астаналық әріптестерімізге жолдаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы