Басты Жаңалықтар Павлодарда да мемлекеттік марапатты табыстады

Павлодарда да мемлекеттік марапатты табыстады

Павлодарда Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына ерекше үлес қосқан 20-ға жуық азаматқа мемлекеттік марапат табысталды.

Ертіс – Баян өңірі еліміздің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетіне ерекше үлес қосып келеді. Бүгінде Қазақстандағы алюминийдің 100%, көмірдің 60%, ферроқорытпаның 58% және электр энергиясының 40% осы аймақта өндіріледі. Бұл – еліміздің өндірістік қуаты мен осы өңірдің стратегиялық маңызын айқын көрсететін көрсеткіштер. Жоғары марапат алған еңбек адамдары арасында Мәшһүртанушы ғалым да бар.

Айтмұхаммет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы:

Бізді талай мемлекеттер мойындады. Сол Тәуелсіздіктің жемісін көріп отырмыз. Талай жолдар , мектептер салынып жатыр. Әуежайлар салынып жатыр, теміржолдар салынып жатыр, зауыттар салынып жатыр. Міне соның барлығы біздің еліміздің көркеуінің арқасы, Тәуелсіздіктің арқасы. Бұл біздің ата-бабамыздың арманы болатын. Сол арманы орындалды.

Бөлісу