Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
Тарих. Тағылым. Қазақстанның даму жолы. Астанада Республика күніне орай осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Құрылтай депутаттары, ғалымдар егемендік туралы декларацияның тарихи маңызын талқылады.
Жаһандық сын-қатерлерге төтеп беру. Елдің болашағын айқындау. Астанада Республика күні қарсаңында осы мәселелерді талқылау үшін Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықты өкілдері бас қосты. Олар егемендік туралы декларацияның тарихи маңызын саралады. Тарихшылардың пікірінше, бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолындағы алғашқы және ең маңызды құқықтық қадамы болды.
Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы:
Шынында да егемендік жөнінде декларацияда айтылған нәрсенің бәрі кейін біз қабылдаған Конституцияның негізін құраған екен. Яғни шынында шынында да Тәуелсіздіктің бастамасы болды.
Енді қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайта түсу үшін жастардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру аса маңызды, дейді жиналғандар.
Темірлан Макубаев, Қазақстандағы БҰҰ жастар кеңесінің мүшесі:
Менің ойымша, осындай іс-шаралар өте маңызды. Себебі қазір елімізде 6 миллион жас бар. Олардың пікірі өте маңызды. Жастарда идея болса бір бастама болса оларды қолдау керек. Себебі үлкен өзгерістер – кішкентай қадамдардан басталады.
Республика күні – ел тарихындағы тағылымы терең мереке. Ол ұлттың азаттығын, мемлекеттіліктің бастауы мен ел бірлігін айқындайды. Елде бұл айтулы күнге дайындық қызу. Осындай ғылыми-практикалық жиындармен қатар концерттік бағдарламалар да ұйымдастырылып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы