Басты Жаңалықтар Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады

Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады

Енді қолөнер шеберлері жәрмеңкеде тұрмай-ақ, бұйымдарын «Шебер» қосымшасы арқылы онлайн сата алады. Бүгін Атамекен ұлттық палатасының қолдауымен жаңа платформа ресми таныстырылды. Мақсат шағын және орта бизнесті қолдау, қолөнершілер мен дизайнерлерді бір арнаға тоғыстырып, олардың өнімдерін сату процесін жеңілдету дейді жоба авторлары. Қосымша бүгіннен бастап жұмыс істеп тұр. Қазірдің өзінде 100-ден аса қолөнер шебері платформаны жүктеп, жеке кабинетіне жұмыстарын жариялаған. Бұйымдардың ішінде киізден жасалған киімнен бастап, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспапқа дейін бар.

Әйгүл Жансерікова, дизайнер:

Көп шеберлер қазір әлеуметтік желімен де пайдаланады, шетелдік де республикалық жәрмеңкелерге де шығып жүрміз. Бірақ бұл платформа біздің уақытты үнемдейді, қаржымызды үнемдеуге мүмкіншілік беріп тұр ғой.

Қанат Шарлапаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:

Қазіргі таңда бізде жеткізу серіктесіміз Казпочта, себебі шеберлерге қолжетімді болу керек, себебі Қазпоштаның филиалдары әр өңірде бар.

Бөлісу