Басты Жаңалықтар Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты

Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты

Алматыда ревматология саласына арналған жаңа ғылыми еңбек таныстырылды. «Ревматология. Жүйелі қызыл жегі. Жүйелі васкулиттер. Псориатикалық артрит» атты кітап – бір жыл бұрын жарық көрген ревматоидты артрит пен остеоартрит туралы монографияның жалғасы. Мамандардың айтуынша, жүйелі қызыл жегі көбіне жас қыз-келіншектерде кездеседі. Бұл ауру кезінде иммундық жүйе ағзаның өз тіндеріне шабуыл жасап, ішкі мүшелерді зақымдауы мүмкін. Дерт асқынған жағдайда адамның өмір сапасын төмендетіп, мүгедектікке әкелуі ықтимал. Ғалымжан Тоғызбаевтың жаңа еңбегінде осы күрделі ауруларды ерте анықтау, диагноз қою және емдеу жолдары қамтылған. Кітапқа автордың ғылыми зерттеулері мен көпжылдық дәрігерлік тәжірибесі арқау болған. Тұсаукесерге қатысқан медицина мамандары авторды жаңа еңбегінің жарық көруімен құттықтап, қолтаңбасын алды.

Ғалымжан Тоғызбаев, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасының орынбасары:

Бұл кітапта аталған диагнозды ерте анықтау жолдары дәрігерлерге жан-жақты түсіндірілген. Сондай-ақ ауруды диагностикалау мен емдеу тәсілдері толық қамтылған. Ең басты мақсат – осындай дертке шалдыққан жас қыз-келіншектерде аурудың асқынуына жол бермей, олардың өмір сапасын жақсарту.

Бөлісу