Басты Жаңалықтар Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»

Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»

«Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека». Әлеуметтік желіде тараған бұл хабарлама – фейк. Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ипотекалық бағдарламалар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырды. Сыртынан қарағанда, әр мамандық бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар пайда болғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда мұндай жазбалардың артында көбіне ипотекалық несие рәсімдеуге кеңес беретін компаниялардың кезекті маркетингтік тәсілі жатады», - делінген хабарламада.

Бөлісу