Басты Жаңалықтар Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады

Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады

Петропавл қаласының тұрғыны Ерсайын Оспанов бала жастан кітап оқып келеді. Зейнеткер әдебиетке деген сүйіспеншілігін ұрпағының да бойына дарыта білген. Әсіресе тахихи кітаптар мен шытырман оқиғаларға толы детективтерді жақсы көретінін айтады. Ол балаларымен бірге ел  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысуды жөн санапты. Қызықты туынды қолыны тисе, 2-3 күнде оқып тастайды. Өзіне ұнаған жерлерін қойын дәптеріне түсіріп алады.  

Ерсайын Оспанов, зейнеткер:

Ұрпағыма, балаларға, немерелерге қалсын деп, мысалы бір кітапты алып оқып отырмын ба, ұнаған өлеңң, болсын, мақал-мәтел болсын, авторын жаздым да, бәрін жазып отырамын. Адам рухании байиды ғой. Кітап деген – тілсіз мұғалім ғой. Балаларға нағыз керегі ғой.

Ерсайын Оспановтың төрт перзенті бар. Әке өнегесін бойына сіңірген балалары да кітап оқуға құмар. Солардың бірі – Жансұлу Бекенова.  Ол әкесінен дарыған  қасиетті өз балаларына да үйретіп, кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдырған. Осылайша, бір шаңырақтағы кітапқа деген құрмет ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.

Жансұлу Бекенова, қала тұрғыны:

Балаларыма тек «кітап оқы» деп айту жеткіліксіз екенін де түсінемін. Өзім де кітап оқып, оларға үлгі болып отыруға тырысамын. Қызықтыру үшін түрлі сыйлықтар, ақшалай сыйлық болсын беріп отыруға тырысамыз. Марафонға қатысудағы мақсатымыз – бұл біздің отбасылық құндылықтарымызды нығайту, бір-бірімізге үлгі болу, бір-бірімізді қолдау.

Бөлісу