Басты Жаңалықтар Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады

Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады

Домбыра тартқан 14 жастағы Ксенияның видеосы желі қолданушыларын тәнті етті. Бірер сағатта 100 мыңнан астам қаралым жинаған видеоны блогер Эмин Хаджиев жүктеген. Ол көшеде домбырамен кетіп бара жатқан бейтаныс қызға бір әуен ойнап беруін өтініпті. «Не себепті бұл аспапты таңдадың» деген сауалға Ксения ешбір аспап домбыраның үніне жетпейді дейді.

Ксения:

Домбыраны үйреніп жүргеніме 3-4 жыл болды. Бұл аспаптың үні ерекше, гитараға да, басқа да аспаптарға да ұқсамайды. Жаныма жақын.

Домбыраны үйрену үшін қыздың анасы аспапты 1 млн теңгеге несиеге әперген. Желі қолданушылары сол несиені өтеп беру туралы ниет білдіріп, пікір қалдырып жатыр.

Бөлісу