Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
Ақмола облысында кәсіпкерлерге қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру үшін биыл 189 млн теңге бөлінді. Былтыр 16 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Өңірде басқа да мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жеке кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді.
Атбасарлық жас кәсіпкер Нұрсара Рыскелдина мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын тігін цехын 18 жасында ашуға мүмкіндік алған. Сүйікті ісін табыс көзіне айналдыруға 1,5 теңге көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант көп көмегін тигізгенін айтады.
Нұрсара Рыскелдина, кәсіпкер:
Маған сол 1,5 млн тг қатты көмектесті. Оған мен машинкаларды алдым және де расширение. скл.бір жылда 100-200 клиент болған, қазір 1 мыңнан аса, қазір мен Жақсы, Борисовка деген село мектептерін алам, жилеткаларды тігем.
Маусымжан Мұханбетжанов ауылға алғаш көшіп келгенде 2 сиыр, 5 қой сатып алған. Мемлекеттік қолдау мен таза еңбегінің арқасында айналдырған 7 жылда қойдың басын 100-ге, ал қара мал санын 30-ға жеткізіп отыр.
Маусымжан Мұханбетжанов, шаруа:
Ауылға келсем бітті, қалаға кеткім келмей қалатын. Малға қызығып, жұмысым біткеннен кейін ауылға келіншегім, балаларымды алып көшіп келдім. Қара малдан «Игілік» бағдарламасымен мемлекеттен ақшалай қолдау алдым. 7 млн 800 мың алдым, бөліп-бөліп берді. 2023 те алдым. 15 бас қара мал алдым.
Биыл «Игілік» пен «Береке» бағдарламалары бойынша өңірдің шаруаларына 10 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жыл басынан облыс тұрғындарына 8,4 миллиард теңге қаржы бөлінген.
Диана Боранбаева, Ешім ауылдық округінің әкімі:
«Ауыл аманаты» жүзеге асырғаннан бастап, біздің ауылымыз 40 млн астам несие алып отырмыз. Қой, жылқы, ірі қара мал шаруашылығын дамытып отыр. Биыл 9 тұрғынымыз өтінім білдіріп отыр. 2 пайызбен өте тиімді.
Жалпы Ақмола облысында соңғы үш жылда 5,3 миллиард теңгеге 567 жеңілдетілген несие берілді. Бұл өңірде шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығының дамуына тың серпін беріп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы