Басты Жаңалықтар Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі

Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі

Президент төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған әскери реформа еліміздің Қарулы Күштерін жүйелі түрде  жетілдіруге бағытталған. Енді казармада әскери тәртіп пен тәрбиеге айрықша көңіл бөлінеді. Сонымен қатар  сарбаздардың білім-біліктілігі мен даярлығы заман талабына сай өзгереді. Әскердегі реформаға қоғам пікірі қандай?  

-         Президенттің тапсырмасы әскери реформа өте дұрыс, қажет деп санаймын. Бұл әскери реформада балалар 6 ай дайындық курсынан өтеді деп жатыр. Содан кейін әрі қарай 6 айын әскери қызметін атқарады. Енді әскер мықты болуы керек қой ел мықты болуы үшін.

-         Қажет деп ойлаймын реформа. Тәртіп орнату керек. Қауіпсіздік орнату керек. Балдар аман барып, сау қайтса екен деп ойлаймыз үйге. Баламыз ертең кетеді әскерге.

-         Менің достарым негізі әскерде. Әрбір ер адам өзінің Отан алдындағы борышын орындау керек. Әскерде қазіргі таңда тәртіп күшейіп жатыр деп ойлаймын.

Бөлісу