Басты Жаңалықтар KazAgroFarm 2026: Астанада агроөнеркәсіп көрмесі өтуде

KazAgroFarm 2026: Астанада агроөнеркәсіп көрмесі өтуде

Астанада KazAgroFarm 2026 халықаралық көрмесі өтіп жатыр. Оған әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысып, ауыл шаруашылығы саласына арналған озық технологиялар мен ауыл шаруашылығында орын алатын мәселелерге қатысты заманауи шешімдер ұсынады.

Мерей Мұсақызы, тілші:

Агроөнеркәсіптегі жүктемені азайтатын әлемдегі ең үздік техникалар, өнімді зиянкестерден қорғайтын  таптырмас препараттар, климаттың өзгеруіне қарамай оң нәтиже беретін заманауи технологиялар ұсынылатын KazAgroFarm-2026 көрмесіндеміз. Бұл еліміздегі ауыл шаруашылығының болашағына әсер ететін, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Биыл 17-ші рет ұйымдастырылған KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі агроөнеркәсіп кешенінің екі негізгі бағытын қамтиды. Атап айтқанда, KazAgro бөлімінде тұқым шаруашылығы, егін өсіру технологиялары, өсімдіктерді қорғау, өнім жинау мен сақтау саласындағы жаңашылдықтар ұсынылған. Ал KazFarm экспозициясы мал шаруашылығының генетикасы, ет және сүт өндірісі бағыттарындағы өзгерістерді көрсетеді. Биылғы көрменің басты ерекшелігі – жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін заманауи құрал-жабдықтардың көпшілікке таныстырылуында.

Аслан Шәкен, кәсіпкер:

Бұл дронның қызметі өте көп. Химия, су, құрғақ дәрілерді шаша алады. Бүкіл Қазақстанда қолданылып жатыр. Салмағы 40-50 кг, ұзындығы 3 метр.

Қанат Сүлейменов, кәсіпкер:

Дән егетін сепкіш. Бұл техника Канададан әкелінген. Енді Қостанайда өндірейін деп жатырмыз. Солтүстік Қазақстан, Алматы облысы, Батыс өңірінде егін егіп жүр. Субсидия бөлінеді, Қазақстанда жасалған техникаға.

Халықаралық көрменің тиімді тұсы да осы. Қатысушы компаниялар ұсыныстарын айтып, кәсібін дамыту үшін керек деректің бәрін ала алады.

Субсидиямен бірге жеңілдетілген несилер бар. Мысалы, егін егу мен жинау жұмыстарына арналған  «Кең дала» бағдарламасы бар. 5 пайыздық кредит береміз. 15 айғада осы мерзіммен. Жеңілдетілген лизинг техникаға арналған кредиттік өнім бар.

Шараға Ливия мен Чехияның ауыл шаруашылығы министрлері, сондай-ақ Германия, Испания, Қытай және басқа да мемлекеттерден сарапшы делегациялар қатысып жатыр. Шетелдік өндірушілер мен халықаралық сарапшылар жаңа іскерлік серіктестер табу үшін келіссөз жүргізіп, өз ұсыныстарын да әзірлеп келген.

Жарослава Спалкова, Чехия Республикасының а/ш вице-министрі:

Мен 11 жыл бұрын дәл осы көрмеге қатысқанмын. Қазақстаннан қарқынды өсу байқалады. Біз облыстарымызда жақсы көрсеткен СМАРТ әдіс-тәсілдерімізбен бөлісеміз. Жоба туралы осы көрмеде бірден 20 ел азаматтары құлағдар болады. Әріптестеріміздің үлесі көбейсе, біз тек қуанамыз.

Бушра Алтынташ, кәсіпкер:

Екі ел арасындағы басты айырмашылық-ауа-райы. Мұнда май өндірілетін өсімдіктер көп өседі. Ал Түркияда көкөніс өсіру басымырақ. Бірге жасаған жобаларымыз жоқтың қасы. Сондықтан бір-бірімізден үйренеріміз мол.

Бөлісу