Басты Жаңалықтар Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды

Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының жүлдегерлері елге оралды. Додада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте екінші орынға табан тіреді. 62 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков үздік атанса, 70 келіге дейінгі салмақта Юсуф Ашрапов чемпион болды. Халық ел мақтаныштарын ерекше ықыласпен күтіп алды.

Юсуф Ашрапов, грек-рим  күресінен U23 әлем чемпионы:

Әлем чемпионаты болғаннан кейін бәсекелестік өте жоғары болды. Финалда күрескен армяндық балуанмен екі әлем чемпионатында мен ол армяндық балуанға есе жібергенмін. Содан кейін біз өзіміздің жұмысымызбен, өзіміздің тактикамызды қолданып, солай жеңіске жеттік.

Айбек Айтбеков, грек-рим күресінен U23 әлем чемпионы:

Бұл тек біздің еңбек емес. Ағайларымыз бар, артымызда қанша көрінбей жатқан кісілер бар. Докторларымыз бар. Барлығының еңбегінің арқасында осындай жеңіске жетіп отырмыз. Барша қазақ еліне, үйдегілеріме үлкен алғысымды білдіремін. Осымен тоқтамаймыз тағы да үлкен, биік-биік белестерді бағындырамыз деп сенемін.

Бөлісу