«Экономика дамуының негізгі көрсеткіші – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының артуы»
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасы айтарлықтай өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард доллардан асып, елге жүздеген миллиард доллар инвестиция тартылды. Бірақ осы өзгерістер елдің шикізатқа тәуелділігін азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ең маңыздысы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қаншалықты ықпал етті? Экономикалық өсімнің нақты нәтижесі қандай? Қазақстан алдағы жылдары қай салаларға басымдық беруі керек?
2019
жылдан бері Қазақстанның ЖІӨ көлемі 30%-ға жуық өсіп, 306 млрд доллардан асты.
Осы аралықтағы экономиканың өсу қарқыны әлемдік орташа көрсеткіште 4%-ға жоғары
екен. Дегенмен экран алдында отырған көрерменге бұл сандар көп нәрсені аңғартпауы
мүмкін. Нақты әл-ауқаттың жақсарғаны маңыздырақ. Былтыр мемлекет басшысы
Республика күніне арналған салтанатты жиында: «Экономика дамуының негізгі
көрсеткіші – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының артуы. Бұл – менің берік
ұстанымым» деп айтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы