Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
Шымкентте биыл медиация қолдануға болатын сот істерінің 42 пайызы тараптардың өзара келісімімен шешілген. Көбіне бұл отбасылық дау, қарыз, мүлік бөлісу және балаға қатысты мәселелер. Медиацияның мәні - бір тараптың жеңуі емес, екі жақтың да ортақ мәмілеге келуі. Қалада бұл тетікті кеңінен қолдану үшін барлық басқарма, полиция және дін істері өкілдері бірлесіп жұмыс істейді. Бес мешітте отбасын қолдау және кеңес беру кабинеттері ашылып, бүгінге дейін 560 отбасыға көмек көрсетілген. Сонымен қатар мектептерде буллингтің алдын алу бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Дана Кенжеқұлова, қалалық медиация кеңесінің басшысы:
Бірлік, ынтымақты нығайту үшін өте тиімді. Өйткені дауласқаннан гөрі бітімгерлікпен шешу әлдеқайда жақсы. Бұл ең алдымен біздің қарапайым халықтың қаражатын, уақытын үнемдейді. Медиацияда жеңілген немес жеңген тараптар жоқ, екі тарапқа да қанағаттанарлық келісім жасалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы