63 мың алматылық екпе салдырды
Алматыда екі апта ішінде 63 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырған. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті бюджет есебінен «Гриппол Плюс» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынған. Қазір шаһарда вакцинация науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бұл екпе балаларға, жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар және 65 жастан асқан адамдарға тегін салынады. Ал республика бойынша маусымдық тұмауға қарсы науқан үшін 2 млн 100 мың доза вакцина сатып алынған. Оның алғашқы 564 мың дозасы өңірлерге жеткізілген. Мамандар екпе алатын тұрғындарға тіркелген емханасына жүгінуге кеңес береді.
Бауыржан Омаров, №5 қалалық емхананың дәрігері:
Науқаста аллергиялық ауру болса немесе вакцинация кезінде тұмаумен ауырып жүрсе, екпе салу кейінге шегеріледі. Күз айларында ауа райының суытуына байланысты тұмау ауруының өршу кезеңі басталады. Ал вакцинация тұмаудың алдын алуға және аурудың асқыну қаупін азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы