Басты Жаңалықтар Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады

Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады

Еліміздегі Достық үйлерінің жұмысы жандана бастайды. Енді әр азамат өңірдегі қоғамдық ұйымға барып ұсынысын айта алады. Қазір 23 000-нан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар ашық форматта жұмыс істейді. Президент Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында қоғамдық ұйымдардың жұмысын күшейтіп, олардың әлеуметтік рөлін жоғарылату керек екенін айтқан еді. Енді үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін айқындайтын заң жобасы әзірленіп жатыр.

Руфина Қасымқызы, Қоғамдық келісім РММ директорының орынбасары:

Заңда үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін нақтылау, тіркелген кезде қысымды жою есепті жеңілдеті қарастырылған. Қазақстан Халық кеңесі арқылы үкіметтік емес ұйымдар өз ұсыныстарды мемлекеттік деңгейге  дейін көтере алады.  Өйткені қөзіргі таңда Қазақстан Халық кеңесі базасында үкіметтік емес ұйымдарды ресми түрде сарапшы орган ретінде тартатын арнайы комитеттер іске қосылды. Бірақ соның өзінде үкіметтік емес органдар іс-шараның ұйымдастырушы емес, кәдімгідей қоғамда бар әлеуметтік мәселерді көтеру, бастаушылар боп өздерін көрсету керек.

Бөлісу