Жетісу облысының жастары бүгін 35 түп ағаш екті
Жетісу облысының жастары бүгін «Таза Қазақстан» акциясының аясында 35 түп ағаш көшетін отырғызды. Жасыл желек Қапал ауылындағы Тамшыбұлақ маңына егілді. Қайың мен қарағай көшеттері іргедегі орман шаруашылығынан жеткізілген. Игі шараға 100-ге жуық белсенді жас қатысты. Табиғат жанашырларының сөзінше, туған жерді көгалдандыру – болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық. Бүгін егілген көшеттер жылдар өте жайқалған жасыл желекке айналып, бұлақ маңын көркейте түспек.
Әмина Хамит, экобелсенді:
Биыл ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, жастар болып 35 түп ағаш отырғыздық. Жалпы, бұл біз үшін, жастар үшін маңызды қадам деп білемін. Осындай қарапайым істерден бастау арқылы келешек ұрпаққа үлгі боламыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтайдың Ресей жағында қазақ мәдениеті дәріптелді
13.10.2026, 17:30
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды
13.10.2026, 17:29
«Таза Қазақстан» road-эстафетасы басталды
13.10.2026, 17:27
«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
13.10.2026, 17:24
Сарапшылар қазақтың тарихи оптимизмін жаңаша пайымдауды ұсынды
13.10.2026, 17:22
Шымкенттегі дау-дамайдың жартысына жуығы медиация бойынша шешіледі
13.10.2026, 17:20
Достық үйлерінің жұмысы жаңғырады
13.10.2026, 17:18
Шардара қаласына таза ауызсу беріле бастады
13.10.2026, 17:17