«Кітап оқитын ұлт» марафонына Ақтөбе облысынан 123 мың қатысушы тіркелген
«Кітап оқитын ұлт» марафонында Ақтөбе
облысы көш бастап тұр. Бұл өңірден 123 мың қатысушы тіркелген.
Жобада
қатысушылардың көрсеткен нәтижелері бойынша рейтинг есептеледі. Ақтөбелік
оқырмандар қазірге дейін 23 мың пікір, 6 миллион ұпай жинаған. Марафон
ережесіне сәйкес, жеті бағыт белгіленген. Әр бағытта 15 кітаптан ұсынылып отыр.
Қазір үшінші кітапты оқу кезеңі басталды. Бүгін белсенді қатысушылар жиналып,
пікір алмасты. Кітапхана
қызметкерлерінің айтуынша, оқырмандар арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға –
шыншыл сөз» жинағына деген қызығушылық басым. «Кітап оқитын ұлт» марафоны 2027 жылдың
сәуіріне дейін жалғасады.
Кәмшат Ахметова, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы:
«Кітап оқитын педагог» бағытында қатысып жатырмын. Бұл марафонда 15 кітап таңдап алынған. Сол марафон болады дегеннен қызығушылық танытып, әлеуметтік желіден қарап шықтым. Сол 15 кітаптың жетеуін бұрын оқыдым. Сондықтан бұл кітаптар маған таныс. Әрі қайтара оқып жатырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы