Басты Жаңалықтар Шардара қаласына таза ауызсу беріле бастады

Шардара қаласына таза ауызсу беріле бастады

Түркістан облысының Шардара қаласына таза ауызсу беріле бастады.  Президент тапсырмасы аясында «Шардара» топтық су құбыры салынған еді. Қаладан  40 шақырым жердегі «Тама - Тастанбек» жерасты су кен орнынан құбыр тартылып, екі резервуар іске қосылды.  14 ұңғыма бұрғыланды. Екі қосалқы станция мен суды тазарту қондырғылары орнатылып, қазір барлық инженерлік жүйе толық күшінде жұмыс істеп тұр. Аталған жобаға барлығы 21 млрд теңге бөлінсе, соның 5 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен қарастырылды. Жаңа нысанның құрылысы екі жылда толықтай аяқталып, қазір қала тұрғындары таза су тұтынып отыр.

Еркебұлан Қаратонов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:

Шардара қаласының халқы 31 мың. 31 мың халыққа арнап перспективамен 12 мың текше метр куб су есептелген. Жалпы осы құбырдың су беру қуаттылығы 24 мың. Бұл 1-2 кезектегі құрылыс жұмыстар. 3- кезекте Шардара ауданының ауылдық елді мекендеріне құбыр тарту үшін жобалау сметалық жұмыстар жүргізіліп, алдағы жылдары атқарылады.

Бөлісу