Жетісу облысы диқандары 585 мың тонна қант қызылшасын жинамақ
Жетісу облысының диқандары қант қызылшасын жинауға кірісті. Биыл өңір шаруалары 14 мың гектарға жуық алқапқа тәтті түбір отырғызған. Одан 585 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Егін жинау науқаны әдеттегіден бір апта ерте басталды. Қазір қос бірдей қант зауыты шикізат қабылдап жатыр.
Вячеслав Поляков қант қызылшасын өсіруді кәсіпке айналдырғалы бес жылға
жуықтады. Содан бері өнімін келісіне 40 теңгеден өткізіп келеді. Оның 15
теңгесін қант зауыты, 25 теңгесін мемлекет субсидия ретінде төлейді. Бұған қоса
арзандатылған жанар-жағармаймен қолдау көрсетіледі. Алайда кәсіпкер соңғы
жылдары өндіріс шығындары айтарлықтай арты деп отыр. Сондықтан өнімнің сатып
алу бағасы көтерілгенін қалайды.
Вячеслав Поляков, шаруа:
Бес жыл бұрын қант қызылшасының келісіне 40 теңге төленетін. Ол кезде бұл баға тиімді еді. Бірақ содан бері бәрі қымбаттады. Жанар-жағармайдың да, қосалқы бөлшектердің де бағасы өсті. Ал өнімнің бағасы сол күйі өзгермей тұр. Сондықтан, менің ойымша, сатып алу бағасын көтеру керек.
Биыл Жетісу облысында қант қызылшасы 13,5 мың гектар алқапқа егілген. Шаруалар
озық технологияларды қолданып, әр гектардан орта есеппен 445 центнер өнім жинап
жатыр. Жауаптылардың айтуынша, өндіріс шығындары артқанына қарамастан, қант
қызылшасы әлі де табысты дақыл саналады.
Бақтияр Шампиков, облыстық а/ш
басқармасы басшысының орынбасары:
Жасалып жатқан агротехникалық карталарға сәйкес, бүкіл шығындарды есептегенде қант қызылшасы ең тиімді дақыл болып саналады. Сондықтан қазіргі уақытта биылғы жылы бағаны көбейту мәселесі қарастырылмайды.
Жетісу облысында қант қызылшасын өңдейтін екі зауыт бар. Олар биыл маусым
соңына дейін 690 мың тоннаға жуық шикізат өңдеуді жоспарлап отыр. Қазір Көксу
қант зауытының қоймасына алғашқы 6 мың тонна қант қызылшасы жеткізілген.
Кәсіпорын өндіріс көлемін арттыру үшін техникалық жетілдіру жұмыстарын жүргізіп
жатыр.
Алтынбек Абатов, Көксу қант
зауытының директоры:
Модернизацияның бірінші кезеңі бітті. Екінші кезеңі жалғасуда. Енді тәулігіне екі мың тонна болса, өңдеуді екінші кезеңде 3 мың тоннаға шығуымыз керек. Негізгі біздің мақсатымыз – сол зауыттың қуаттылығын 5 мың тоннаға шығару.
Соңғы бес жылда Жетісу облысында қант қызылшасы егілетін алқап көлемі 3,5 есе
ұлғайған. Ал қант өндіру көлемі де 25 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін артты.
Осылайша өңір еліміздегі қант өндіретін негізгі аймақтардың бірі ретіндегі
орнын нығайтып келеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27
Астанада 143 вандал жауапкершілікке тартылды
29.09.2026, 17:25
Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді
29.09.2026, 17:22
Нетаньяху БАӘ-ге тығылып барған
29.09.2026, 17:20