Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейіп, елдің бірқатар өңірінде жүргізушілер ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Әрбір екінші жанармай құю бекетінде бензин жоқ. Әсіресе АИ-92 және АИ-95 маркаларына қатысты мәселе өткір.
2026 жылдың басынан бері бензин бағасы 21 пайызға қымбаттаған. Ресейдің барлық 85 өңірінде жанармай тапшы.
Негізгі себеп –
мұнай өңдеу зауыттарының жұмысының бұзылуы. Тамыздың соңында Ресейдің
солтүстік-батысындағы ірі Киришинефтеоргсинтез зауытының жұмысына соққы әсер
етсе, қыркүйектің 20-да Мәскеу мұнай өңдеу зауыты да зақымданды. Кәсіпорынның
тәуліктік қуатының 53 пайызына жауап беретін негізгі қондырғысы жұмысын
тоқтатты.
Дмитрий Журавлев, сарапшы:
Бұл мәселе тез арада шешілмейді, жөндеу жұмыстарына жылдар кетеді. Сондықтан жанармайды сырттан экспорттау жалғасады. Санкцияға байланысты логистика бұзылғандықтан, баға өседі.
Осының барлығы ішкі нарықтағы ұсынысты қысқартып отыр. Ал жазғы маусымдағы
жоғары сұраныс жағдайды одан әрі ушықтырды. Енді кей өңірлерде жанармай сатуға
шектеу енгізіліп, бір көлікке берілетін бензин көлемі қысқартылды. Мысалы
Ленинград облысында жанармайды 30 литрден артық құюға шектеу қойылған.
Алексей Гривач, РФ Үкіметі
жанындағы ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары:
Мұнайдан Ресей бюджетіне жылда үлкен қаражат түсетін. Әлемдік мұнай бағасы көтерілгенімен, Ресей экономикасына бұл әсер етпеді. Себебі бізде мұнай өндіретін зауыттардың басым бөлігі жұмысын тоқтатты.
Ресей билігі тапшылықты азайту үшін жанармай экспортын шектеп, ішкі нарыққа
жеткізуді арттыруға тырысып жатыр. Сонымен қатар дизель отынын өндірушілердің
экспортына қойылған шектеулерді қазан айының соңына дейін ұзарту туралы шешім
қабылданды. Ал тапшылық ұзаққа созылса, оның салдары тасымал құны мен тауар
бағасына да әсер етуі мүмкін.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25
Астана әлемдегі үздік туристік бағыттар тізіміне енді
24.09.2026, 17:23