Басты Жаңалықтар Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда

Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда

Ресейде қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа технологиялар әзірленіп, бірнеше вакцина сынақтан өтіп жатыр. Ғалымдар бұл препараттарды, ең алдымен, ісігі анықталған науқастарды емдеу үшін қолдануды көздейді. Мұндай вакциналардың дәстүрлі екпеден айырмашылығы бар. Олар сау адамға аурудың алдын алу үшін емес, ағзада пайда болған қатерлі жасушаларды танып, оны жоюға көмектеседі. Яғни вакцина иммунитетті ісікке қарсы күресуге бағыттайды. Ресейлік ғалымдар әзірлеп жатқан технологиялардың бірі – жекелендірілген вакцина. Оның ерекшелігі препарат әр пациентке жеке дайындалуы мүмкін. Ол үшін науқастың ісігіндегі мутациялар зерттеліп, иммундық жүйе үшін нысана болатын ерекшеліктер анықталады. Зерттеушілер технологияны меланома, өкпе, бүйрек, ұйқы безі және басқа да қатерлі ісік түрлеріне қолдану мүмкіндігін зерттеп жатыр.

Геннадий Онищенко, дәрігер:

Жыл соңына дейін қатерлі ісікке қарсы вакцина медициналық сақтандыру жүйесі аясында қолжетімді болады.Онкологиялық аурулардың шамамен 40 пайызының алдын алуға болатынын ескерсек, вакцина науқас санын азайтуға мүмкіндік береді.


Бөлісу