Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
Отбасы үшін мемлекеттік көмектің ішінде тұрғын үй
мәселесін шешу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу ең өзекті бағыт ретінде аталған.
Бұл – Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік зерттеудің
нәтижесі. Сауалнамаға 3 мың азамат қатысқан. Зерттеу бойынша, респонденттердің
60,9 пайызы отбасы үшін баспана алуға көмек көрсетуді маңызды деп санайды. Ал
52,8 пайызы жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қажет деп көрсеткен. Одан кейін
сапалы медициналық қызметке қолжетімділік 29,8 пайыз, балаларды сапалы біліммен
қамту 28,4 пайыз. Ал тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы
іс-қимыл бойынша көмек қажет дегендердің үлесі 17,9 пайыз болған.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21