Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
Елімізде психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады. Еңбек министрлігі тиісті ережелер жобасын «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына жариялады. Жаңа талап бойынша тізімге кірмеген адам психолог болып жұмыс істей алмайды және өзін психолог деп атай алмайды. Тізімге ену үшін маманның психология саласында жоғары білімі болуы керек. Біліктілігін кемінде бес жылда бір рет арттырып отыруға міндетті. Ал 2028 жылдан бастап кәсіби біліктілікті растайтын сертификат қажет болады. Тізілімнің ашық бөлігінде психологтың аты-жөні, өңірі, мамандығы және мәртебесі көрсетіледі. Заң талаптарын бұзған немесе клиенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген маман тізімнен шығарылуы мүмкін.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21