Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
Түркістанда мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры, көрнекті этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков және «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы» көрмесі ашылды. Көрмеге ұлт мәдениеті мен өнерін өркендетуге теңдессіз үлес қосқан бірегей тұлғаның өзі пайдаланған жеке заттары қойылды. Архивтік құжаттардан тұратын 100-ден астам жәдігер жұртшылықтың назарына ұсынылды. Ал мәдениет үйінде «Өзбекәлі Жәнібеков мұрасының зерттелуі» тақырыбында жиын өтті. Қазақ мәдениеті мен руханиятына өлшеусіз еңбек еткен тұлғаның тікелей жетекшілігімен елімізде 100-ден астам музей ашылып, жүздеген тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынды.
Қанат Тұяқбаев, реставратор:
Бүкіл қазақ жастарына, қазақ ұлтына ұлттың ұстазы деген атағы бар еді сол кездің өзінде. Жастардың көшбасшысы деген. Ол кісі бізге тек жұмысты ұйымдастыруды, қалай атқаруды үйреткен жоқ. Өмірді қалай сүруді үйретті. Адал болуды, адам болуды үйретті.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21