Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
Ерлан Қариннің төрағалығымен мемлекеттік органдардың байланыс орталықтарын жетілдіру мәселесі талқыланды. Басты назар – халықпен кері байланысты күшейтуге және азаматтардың мәселесін жедел шешуге аударылды. Мемлекеттік байланыс орталықтары жыл сайын 21 миллионнан астам қоңырау қабылдайды. Былтыр I-Komek орталықтарына түскен 4 миллион қоңыраудың жартысынан көбі елордаға тиесілі болған. Осыған байланысты Вице-Президент Астананың I-Komek орталығының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізуді тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың фронт-офистерін бірыңғай платформаға біріктіру және жасанды интеллект құралдарын кеңінен пайдалану көзделіп отыр.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21