Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
Йемендік хуситтер Сауд Арабиясына шабуыл жасады
Йемендік шиит-хуситтер Сауд Арабиясына шабуыл жасады. Соңғы мәліметке қарағанда, төрт қалада 73 адам жараланып, елдің оңтүстігіндегі бірнеше мұнай нысаны мен коммуналдық кәсіпорын өртенген. Екі ел арасындағы шиеленіс бірнеше апта бұрын Йеменде ираншыл шииттер мен Саудияға арқа сүйеген үкімет әскері қақтығысқаннан кейін ушықты.
Ұлыбритания Израильге қарсы шектеу енгізбек
Ұлыбритания Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Израиль қоныстарына қарсы экономикалық санкция жариялайды. Корольдік бұл жерде өндірілетін тауарларды сатып алудан бас тартпақ. Осы қоныстарды салуға көмектесетін компаниялар да шектеуге ілігуі мүмкін. Израиль санкцияларға қарымта жауап дайындап жатқанын мәлімдеді.
Эйфель мұнарасы уақытша жабылды
Өткен тәулікте Париждегі Эйфель мұнарасы жабылды. Бұған 100 шақты адамнан тұратын үндістандық діни делегацияның сапары себеп болды. Олар келгенде әйел қызметкерлерге көзге көрінбеу туралы бұйрық берілген. Мұнара қызметкерлері бұған қарсы ереуіл жариялап, жұмысқа шықпай қойды.
Jaguar Land Rover 4000 жұмыс орнын қысқартпақ
Британияның люкс автомобиль өндірушісі Jaguar Land Rover алдағы екі жылда әлем бойынша 4 мың жұмыс орнын қысқартпақ. Мақсат – шығындарды азайтып, бәсекеде алда болу. Зауыт шығаратын автомашина санын 300 мың данаға дейін кемітіп, 1,7 миллиард фунт-стерлинг үнемдеуден үмітті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы