Басты Жаңалықтар Астанада жүзден аса ата-анаға айыппұл салды

Астанада жүзден аса ата-анаға айыппұл салды

Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды. Себебі, олар кәмелетке толмаған баласын түнде еркіне жіберген. Еске салайық, айыппұл мөлшері 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 43 мың теңге. Ал, жағдай бірнеше рет қайталанса, онда айыппұлмен құтылмайды. Іс сотқа жолданады. 

«Балам үйде отыр» деп,  жұмыста алаңсыз жүріп қалмаңыз. Қазір балалардың қайда жүргенін анықтау оңай көрінгенімен, жасөспірімдер де бақылаудан шығудың амалын тапқан. Мәселен, ұялы телефонды үйде қалдырып, ата-анасына «үйдемін» деп алдайтын балалардың саны артқан.
Аида Меңдібаева, Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша бас маманы:
Рейд барысында түсінгеніміз, бұл балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыс істейтіндердің балалары болады. Себебі, бала бақылаудан кетті. Қазір цифрлық қадағалаулар бар. Алайда, балалар телефонды үйге тастап, үйде отырмын дегендей ыңғай танытып, бірақ балалар телефонсыз жүруі де мүмкін.
Бұл рейдтің мақсаты – ата-анаға айыппұл салу емес, баланы қауіптен қорғау. Түнгі уақытта далада жүрген жасөспірім түрлі қауіпке тап болуы мүмкін.  Сондықтан тәртіп сақшылары балалар жиі жиналатын аулалар, ойын-сауық орындары мен қоғамдық орындарды, кәмелеттке толмаған балалар жүру мүмкін деген кез-келген жерге барып, тексереді.
Еркеғали Расулов, Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасының аға инспекторы:
Осы жаз уақытысында балалардың демалыс уақытында кәмелетке толмаған балалардың жүзден аса ата-аналарына әкімшілік хаттамалар салынып, материалдар қайталанған жағдайда сотқа жолданды. Түнгі сағат 22:00 ден сағат таңғы алтыға дейін ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелетке толмаған балаларды және тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген балаларды 23:00-ден таңғы алтыдан түнгі уақытта барлығын тоқтатып, Алматы аудандық басқармасына жеткізеді. Сол бойынша ата-аналарын шақырып, барлығына айыппұлдар салынады.
Бала түнде үйде болуға тиіс деген талаптың жауапкершілігі ең алдымен ата-анаға жүктеледі. Сондықтан балаға бақылауды полиция емес, бірінші кезекте ата-ана жүргізуге міндеті. Ал бұл рейд «Zhastarmen» акциясы аясында өтті.


Бөлісу