Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жүйені «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» әзірлеген. Ол су нысандары, гидротехникалық инфрақұрылым, су пайдаланушылар мен жерасты сулары туралы мәліметтерді бір жүйеге біріктіреді. Мақсат – су ресурстарын басқару кезінде бірыңғай, әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру. Қазірдің өзінде жүйеге 23 мыңнан астам су нысаны туралы ақпарат енгізілген. Оның ішінде 17 мың 758 өзен, 3 мың 148 көл және 1 мың 207 гидротехникалық нысан бар. Сонымен қатар ақпараттық жүйеде 3 мыңға жуық ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілді. Министрліктің мәліметінше, цифрлық жүйе су ресурстарын тиімді басқаруға және сала бойынша басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы