Жетісу облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Қауіпсіздік нысаны ауылдағы 1000-ға жуық тұрғынмен қатар, іргелес жатқан Шұбартүбек пен Үлгі елді мекендеріне де қызмет көрсетеді. Заманауи техникамен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған бекет төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Өңірде былтырдан бері 13 өрт сөндіру бекеті ашылса, қазір тағы 9 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жаңа нысан елді мекендегі қауіпсіздікті күшейтпек.
Берікбол Шалтаев, ауыл тұрғыны:
Шалғайда жатқан ауыл болғандықтан, өрт – тілсіз жау. Дер кезінде барып, ауыздықтамаса болмайды. Өте жақсы жағдай бұл. Ашылып жатқанына, көлігінің берілгеніне өте қуаныштымыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27