«Көкшетау жылу» жылыту маусымын шектеулі режимде бастамақ
«Көкшетау жылу» кәсіпорны биылғы жылыту маусымын толық қуатпен емес, шектеулі режимде бастауға мәжбүр. Себебі, жөндеу жұмыстары кестеден кеш қалып жатыр. Бұл жалғыз осы аймақтың мәселесі емес. Теміртау, Жезқазған, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да дайындық сыр берді. Ал Үкімет басшысы әзірлік паспортын алмай, жылыту маусымын бастаған басшылар жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Өңірдегі тілшіміз Бибінұр Әмірханқызы облыс орталығындағы жылыту маусымына дайындықты бағамдады.
Биыл Көкшетаудағы жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға Үкіметтен 1,2 миллиард теңге
бөлінді. Қазір шаһарды жылумен қамтып отырған екі аудандық қазандықта жұмыс
қыз-қыз қайнап жатыр. Алайда, жылу маусымында қос қазандықтағы 6 жылу
агрегаттың тек бесеуі іске қосылмақ.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Жылыту маусымына дайындық барысына бұлайша салғырт қарауға болмайды. Атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстап, нақты шешімдер қабылдау қажет. Жөндеу науқанының мерзімін бұзған немесе оны созып жүрген басшылардың жауапкершілігін де қарау қажет.
Коммуналдық кәсіпорын басшылығы 5 агрегаттың қуаты күз айында
қаланы жылумен қамтуға жетеді деп сендірді.
Ержігіт Түнғатаров, «Көкшетау жылу»
КК бас директорының орынбасары:
Бір жылу агрегатынсыз-ақ жылу маусымын бастаймыз. Күз айының басы ғой, сондықтан қаланы жылумен толық қамтуға қуаты жетеді. Жөндеу жұмыстары қазан айының аяғында аяқталса, қарашаның 1-інен толық қуатпен жұмыс істейтін боламыз.
Шаһарда сондай-ақ, жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Қазір мен температуралық режимі төмен саналатын Саин көшесінде тұрмын. Бұл жерде 1985 жылғы төселген әбден ескірген жылу құбырлары жаңартылып жатыр. Тозығы жеткен жылу желілерінің орнына заманауи талапқа жауап беретін жаңа жер асты құбырлары орнатылуда. Бұл жылу шығынын бірнеше есеге азайтуға мүмкіндік береді, - дейді мамандар.
Бүгінде жөндеу жұмыстарының нәтижесінде шаһардағы жылу жүйелерінің тозу
көрсеткіші 43 пайызға төмендеді. Биыл ескірген желінің 4 мың метрі жаңартылады.
Оның бір шақырымнан астамы Сайын көшесіндегі проблемалық учаскеде ауыстырылып
жатыр.
Талап Игенбаев, «Көкшетау жылу» КК
жылу желілерін басқарушы:
Бұған қоса қаладағы 21 проблемалық учаскедегі 1700 метр құбырды өз қаржымыздың есебінен жаңартып жатырмыз. Қазір жылу желілеріндегі жұмыс 80 пайызға атқарылды десек болады.
Кәсіпорын басшылығы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, кешеуілдеген мерзімді
бағындыруға бар күшін салмақ. Бүгінде қалада тұрғын үйлердің ішкі жылу
желілерін қысқа дайындау жұмыстары да қарқын алды. Әзірге 1071 көпқабатты үйдің
75 пайызы қыс маусымына дайын.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Көшпенділер ойыны Ыстықкөл жағасында басталды
01.09.2026, 17:27
Ел жаңалықтарына шолу
01.09.2026, 17:25
Ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртып жатыр
01.09.2026, 17:22
Жамбыл облысында «Түрксіб» вокзалы қайта ашылды
01.09.2026, 17:20
Шымкентте 60 мыңнан аса кәсіпті жастар басқарады
01.09.2026, 17:15
Қостанай облысында 26 өндірістік жарақат есепке алынбаған
01.09.2026, 17:10
Астанада тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды
01.09.2026, 17:07
«Келешек мектептері» үш ауысымды оқуды қысқартты
01.09.2026, 17:05