Бішкекте VI Көшпенділер ойыны басталды
Көшпелі өркениет өкілдері асыға күткен Көшпенділер ойындарының бүгін алауы тұтанады. Осымен 6-мәрте, бұл жолы айыр қалпақты ағайындар елінде жалауын көтеретін бәсекеде Қазақстан құрамасының 155 өкілі жүлдеге таласады. Ашылу салтанаты қарсаңында Бішкекке арнайы барған әріптесіміз Ұлттық құрама өкілдерімен тілдесті.
Диас Ахметов, дәстүрлі садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Елорда төрінде дүркіреп өткен доданы еске түсірсек, отандастарымыз 44 алтын, 33
күміс, 37 қола жүлде еншілеген еді. Астанада қарсылас шыдатпаған асық атушылар
бұл жолы қырғыз ұлтының ұлттық ойыны «Ордода» бақ сынайды.
Ескендір Рахметов, асық атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Бәсекелердің басым бөлігі Ыстықкөл жағалауындағы Чолпон-Ата қаласында өтіп,
жанкүйер асыға күткен көкпар мен көк бөрі жарысы 2 қыркүйекте басталады.
Азат Қадырбек, тілші:
3 мың қатысушы 42 спорт түрінде жүлдеге таласатын VI дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын «Qazsport» арнасынан сағат 19:00-де тікелей эфирде көре аласыздар.
Автор
Азат Қыдырбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04