Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
Көкшетаудағы «Жайлы мектеп» санатындағы техникалық мектеп-лицейінде Қазақстанның күрес федерациясының қолдауымен алғашқы күрес залы ашылды. Заманауи талапқа жауап беретін білім ошағында бір емес, 4 спорт зал бар. Сондықтан оның біреуі күрес залы ретінде жабдықталып отыр. Мұнда балалар спорттың үш бірдей түрімен айналыса алады. Яғни сабақтан тыс уақытта қазақша, еркін және грек-рим күресінен үйірмелер жұмыс істейді. Игі бастама «Мектептің күрес лигасы» жобасы аясында қолға алынды. Сондықтан мектепке заманауи күрес кілемдері мен қажетті спорттық керек-жарақтар толықтай беріледі және бапкерлермен қамтуды да спорт федерациясы өз мойнына алып отыр. Бұл еліміз бойынша мектепте ашылып отырған төртінші күрес залы. Алдағы уақытта олардың санын 100-ге жеткізіп, толық жабдықтау көзделген.
Еркін Оқасов, Қазақстанның күрес федерациясының төрағасы:
Спорт және туризм министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және біздің республикалық федерация тарапынан үш жақты келесімшартқа қол қойылған болатын. Оның мақсаты біздің спортты жандандыру және біздің резервті қалыптастыру.
Мансұр Мұқажан, оқушы:
Мен еркін күреспен 9 жастан айналысамын. 6 жыл болды. Менің арманым – олимпиада чемпионы болу. Осы мектепте оқимын. Осы мектептің ішінде бірінші зал ғой деймін еркін күрестен. Үйге жақын болып, жақсы болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы